Теміртауда цех директорының көлігін өртеп жіберді
Белгісіз біреулер Теміртаудағы «АрселорМиттал» компаниясы цехы директорының автокөлігін өртеп кетті.
11:58 05.11.2018
Өрт Теміртаудағы Дружба көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Сол уақытта көліктің дабыл жүйесінен дыбыс шыққан.
Алайда, көлік иесі оны естімей қалады. Шығын құны – 8 миллион теңгені құрады. Ірі компания цехы директорының көлігін әлдебіреулер қасақана өртеді ме, бұл тексерілетін болады.
«Қазіргі уақытта бұл қылмыс сотқа дейінгі тергеу амалдарына берілді. Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!