{metadescription}
0:000:00

Алматыда тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Асхана аптаның бес күнінде 120 адамды үш мезгіл тегін тамақтандырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қайырымдылыққа үндеуге қатысты бастамасына орай, Алматы қаласы Орталық мешіті және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен «УАҚЫП» асханасы ашылды. ҚМДБ баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген әрбір жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау. 

«УАҚЫП» асханасы жыл бойы әр аптаның бес күнінде жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам әрдайым сапалы қызмет көрсетуге әзір. Сондай-ақ, күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие. Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады. Асхана Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысында орналасқан. 

Видео авторы: Azan_kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.