Андрей Аршавин «Қайраттан» кететін болды
Алматылық «Қайрат» 37 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавинге қоштасу матчін ұйымдастырады.
17:29 05.11.2018
Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.
«Қарағандылық «Шахтермен» матчта клуб және жанкүерлер оңтүстік астананың барлық тұрғындарын тәнті еткен футболшы Андрей Аршавинді алматылық клуб сапындағы жарқын карьера үшін алғыс айтады», - делінген хабарламада.
Үш мауысым аралығында алматылық футбол сүйер қауымның махаббатыне ие болған Аршавин «Қайрат» атынан 100 матчқа қатысып, 30 гол соғып, 37 нәтижелі пас берген. Клубпен бірге 37 жастағы футолшы ел чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогі мен суперкубогін жеңіп алды. Айта кетейік, «Шахтер» мен «Қайрат» арасындағы ойын 11 қараша күні сағат 15:00-де өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!