{metadescription}
Баласы қайтыс болған анасы үшін 15 жыл зейнетақы алып келген

Баласы қайтыс болған анасы үшін 15 жыл зейнетақы алып келген

Енді ер азаматқа алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тула облысының 57 жастағы тұрғыны, анасының қайтыс болу фактісін жасырып, 15 жыл заңсыз зейнетақы алып келген. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Анасы 2000-жылы қайтыс болған. Күдікті анасының қайтыс болғанын жасырып, денесін басқа елде жерлеген.

«Анасы шетелде жерленген,  ал ұлы 15 жылдан астам уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып отырған», - деп хабарлады ІІМ.

1930 жылы дүниеге келген зейнеткердің өлімін арнайы интерпол анықтап берген. Оның ұлына қазір Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабы («алаяқтық») бойынша іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде