Спортшы суда 157 күн жүзіп, рекорд жасады
Британдық спортшы Росс Эджли Ұлыбритания аралдарын айнала жүзген тарихтағы алғашқы адам атанды.
Фото: Olaf Pignataro
01:00 06.11.2018
Рекорд жексенбі күні жасалған. 33 жастағы спортшы Маргит қаласынан 1 маусым күні шықты. Ол жанындағы катамаранда демалатын және түнейтін болған. Эджли күн сайын суда 12 сағаттан жүзген және бірде бір рет жағаға шықпаған көрінеді.
157 күннің ішінде жүзгіш 3317 шақырымды артқа тастап, сапарын өзі алғаш бастаған Маргиттегі жағажайында сәтті аяқтады. Эджлидің сөзіне қарағанда, жүзу кезінде түрлі оқиғаларды бастан кешуіне тура келген. Бір қызығы, күш-қуатын қалпына келтіру үшін 640 банан жеген. Жүзуді сәтті аяқтаған спортшы осымен үшінші рет Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!