{metadescription}
Денис Тенге арналған мемориалды тақта ашылуына Татьяна Тарасова қатысады

Денис Тенге арналған мемориалды тақта ашылуына Татьяна Тарасова қатысады

Алматыда «Денис Тен қоры» таныстырылады.

7 қарашада мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзі тұрған үйге мемориалды тақта орнатылады. Сондай-ақ «Денис Тен қоры» ресми түрде таныстырылады.

Іс-шараға КСРО-ның мәнерлеп сырғанаудан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ресей құрамасының кеңесшісі Татьяна Тарасова қатысады. Ол Қазақстанға алғаш рет келеді. Татьяна Анатольевна Денис Тенді ұлындай көрген, сол себепті оның Отанына келіп, рухына тағзым етуді жөн санаған.

Мемориалды тақтаның ашылуы сағат 11.00-де Назарбаев даңғылы, 48 мекен-жайы бойынша өтеді. Ал қордың таныстырылымы Халық Аренада өтеді. Бұл шаралар Қазақстан атын әлемге танытқан спортшыны еске алуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде