Тұрғын үй өртеніп, 8 адам қаза тапты
Юрга қаласындағы жеке үйдегі өрт сегіз адамның өмірін қиды.
16:47 06.11.2018
Бұл туралы Кемерово аймағында Ресейдің тергеу комитеті хабарлады. Министрліктің ақпараты бойынша, үйдегі өртті сөндіргеннен кейін жеті адамның денесі табылды, олардың бесеуі 2-12 жас аралығындағы балалар.
Ауруханаға 42 жастағы әйел мен 12 жастағы ер бала жеткізілген, кейін бала қайтыс болған.Өрттен зардап шеккендер бір отбасының мүшелері болды. Тірі қалған әйел анасынан, үйде бірге тұратын адам және үш баласы мен үш немересінен айырылған.
Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 5: 00-де болған. Екі немесе одан да көп тұлғаның (Қылмыстық кодекстің 109-бабының 3-бөлігі) абайсызда қайтыс болуы туралы қылмыстық іс қозғалды. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші де зардап шеккен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!