Автобус кондукторы қарт кісіні соққыға алды
Алматыда автобус тоқтаған сәтте кондуктор есік тұсында тұрған қарияны басынан ұрып жіберген.
18:12 07.11.2018
Сыртқа шығып кеткен ер адам жерге құлап түседі. Сол сәтте жұдырығын тағы ала жүгірген кондукторды ары-бері өткен жолаушылар ұстап қалған. Ал соққы алған қарт кісі болса, өз жолымен кетіп қалады.
«6 қарашада 57-маршрут кондукторы жолаушы қарт кісіге жұдырық жұмсады. Алматы әкімшілігінен қол көтерген ер азаматқа жаза қолдануын сұраймыз», - деп жазған бейнежазба астына автор.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!