Қала ішіндегі атыс: 11 адам жарақат алды
АҚШ-тың Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласының маңындағы Таузенд-Оукс қаласында атыс болды.
17:34 08.11.2018
Полицияның мәлімдеуінше, барда болған атыс кезінде он бір адам, соның ішінде бір полиция қызметкері жарақат алған. Тәртіп сақшылары бардың айналасын қоршап, белгісіз ер адамға іздеп жатыр. Қаза тапқандар туралы ақпарат әлі расталмаған. Куәгерлердің айтуынша, қаруланған белгісіз ер адам «Borderline Bar and Grill» барына кіріп, ондағы адамдарға шамамен 30 рет оқ атқан да, ізін суытқан.
Дерккөз: inform.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!