{metadescription}
ФОТО: Виктория Бекхэм Spice Girls тобына қосылудан бас тартты

ФОТО: Виктория Бекхэм Spice Girls тобына қосылудан бас тартты

Spice Girls тобының төрт әншісі Ұлыбритания еліне концерттік сапарға Виктория Бекхэмсіз шығатынын мәлімдеді.

Олар радиошоу эфиріне қатысып, әншілердің қайта бас қосқанын жариялады.

 

Британдық Spice Girls тобының төрт әншісі Herat Breakfast риадиошоуында бәрін бүкпесіз айтуға тырысты. Бұған дейін Джери Холливел, Эмма Бантон, Мэл Би және Мэл Си соңғы 10 жылда алғаш рет Ұлыбритания елінде концерттік сапарға шығатынын мәлімдеген болатын. Бірақ, бесінші әнші - Виктория Бекхэм гастрольдік сапарға қатыспайды.

Ол бұрынғы топтағы әріптестеріне қосылмайтынын мәлімдеді. Өйткені тым жұмысбасты екенін және бос уақыты мүлдем жоғын алға тартты. 

Соған қарамастан, Виктория Spice Girls-тің ажырамас мүшесі болып қала береді, - деді әріптестері. 

"Ол бізге қолдау көрсетіп отыр. Білесіздер ме, біз өз концертімізді көре алмаймыз, ал Викторияда мұндай мүмкіншілік бар", - деді Мел Си. 

Тур алты концерттен тұрады. Келесі жылдың 1-15 маусымында өтуі тиіс. Соңғы сахнасы Лондондағы "Уэмбли" стадионы болмақ. Ал келешектегі жоспарларын әншілер құпия ұстап отыр. 

"Асықпаймыз. Концертттің қалай өткенін байқаймыз. Мел Бидің тәртібін бақылаймыз. Сосын белгілі болады. Тыңдармандармен қайта қауышу бізге үлкен мереке", - деді Джери Холливел. 

Айта кетсек, Spice Girls тобы толық құрамымен соңғы рет 2012 жылы  Лондондағы Олимпиаданың жабылу салтанатында өнер көрсеткен еді. Ал оған дейін 2007 жылы бірінші рет бас қосу гастролін өткізген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.