Өрт бүкіл қаланы жойып жіберді
Калифорнияның солтүстігіндегі тұтастай қала орман өртімен тұтанды. Оқиға Парадайс қаласында болған.
16:22 09.11.2018
Парадайс қаласының көп бөлігі өртеніп, жүздеген ғимараттар қираған. Өрт бейсенбі күні таңда басталған.
«Бүкіл қала өртенді. Бұл қорқынышты көрініс», – дейді қалалық кеңес мүшесі Скотт Лоттер.
Парадайс қаласының тұрғындары шамамен 27 мың адамды құрайды. Оқиға орнында 500-ге жуық өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Кептелістің салдарынан көптеген адамдар қаладан жаяу кетуге тырысқан. Бьютт өңірінің шериф деректері бойынша, шамамен 50 мың адам эвакуцияланған. Қатты жел мен құрғақ ауа-райының салдарынан жалын тез таралып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!