{metadescription}
Анасы егіздерді пәтерде қалдырып, шығып кеткен

Анасы егіздерді пәтерде қалдырып, шығып кеткен

Атырауда Анасы егіздерді пәтерде қалдырып, өзі шаруаларымен шығып кеткен. Қайта келгенмен есікті аша алмай қалыпты.

Бұл оқиға 8 қарашада сағат 13.00-де Привокзальный ықшамауданында Баймұханов көшесінде болған.

«Әйел балаларын сыртынан кілттеп, өзі шаруаларымен шығып кеткен. Алайда, келген соң пәтердің есігін аша алмапты. Алаңдаған әйел бірден құтқарушыларды шақырған. Артынша, балалар есікті ішінен құлыптап алғаны белгілі болды», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Құтқарушылар темір есікті тез ашқан. Егіздер қорықпаған, балалардың жағдайы тұрақты болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.