Өскеменде үйлердің біріне қасақана өрт қойған
Өскемен қаласы Қазақстан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты.
14:44 12.11.2018
– 11 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында өрт шыққан. Қазақстан көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінің төртінші қабатынан. Пәтердегі жеке заттар, жиһаз, есік пен терезенің жақтауы, еден және дәл үстіңгі қабаттағы үйдің терезе жақтауы жанып кетті, – деді төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы.
Құтқарушылар тұрғын үйден 15 адамды эжвакуациялаған.
– Өрттің шығуына сақтық шараларын бұзу, қасақана от қою және электр жабдығын дұрыс пайдаланбау сынды жағдайлар себеп болуы мүмкін, – деді ТЖБ.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!