Екі бүктелген UFC файтері қарсыласын есінен тандырды
Жекпе-жек аяқталғанда кореялық жеңіп тұрған.
16:02 12.11.2018
11 қараша түнде АҚШ-тың Денвер қаласында UFC Fight Night 139 турнирі өтті. Ондағы басты жекпе-жекте мексикалық Яиро Родригес "Кореялық зомби" Чан Сон Джонмен жұдырықтасты.
Джон жекпе-жек бойы басым болған, алайда, бұл кездесу аяқталуы көпшілікті таңдандырды. Бесінші раундтың соңғы секундтарында "Кореялық зомби" шабуылға көшеді де, еңкейген сәтте шынтақпен соққы алады. Жекпе-жектің аяқталуын білдіретін гонгпен бірге кореялық файтер нокаутқа түседі.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!