Павлодар облысында өрттен ер адам қаза тапты
Өрт бес қабатты үйдің төртінші қабатында болған.
16:45 12.11.2018
Ақсу қаласында бес қабатты үйден шыққан өрттен 54 жастағы ер адам қайтыс болып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.
- Өрт Дөнентаев көшесіндегі бес қабатты үйдің төртінші қабатында орын алған, - деді ведомствада.
Оқиға орынынан ер адамның денесі табылды. Екі көрші пәтердің тұрғындары зардап шекті. Қалалық емханаға газбен уланған зейнеткер мен 24 жастағы ер адам жеткізілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Дереккөз: pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!