Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам құтқарылды
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
10:32 14.11.2018
Ақмола облыстық ТЖД мәліметі бойынша оқиға 13 қарашада түнгі уақыт 22:30 шамасында Васильковка 35 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.
«Төтенше жағдайдың салдарынан 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде жетеуі балалар. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына лифтінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Думан Дəлешов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!