Мұғалім галстуксіз келген студенттерді ұрып-соқты
Оқиға Бухара инженерлік-технологиялық институтында болған.
11:38 14.11.2018
Өзбекстан оқу орындарының бірінде жаға ұстатарлық оқиға болды – оқытушы сабаққа галстуксіз келген өз студенттерін ұрып-соқты Оқиғаны аудиторияда отырғандардың бірі видеоға түсіріп алған.
Педагог шәкірттерін тақтаның жанына қатар тұрғызып қойып, кезекпен "сыбағасын" берген, айқай салып, іштен, бастан ұрғаны көрінеді. Жігіттер үндемей тұрған. Белгілі болғандай, сорақы жағдай Бухара инженерлік-технологиялық институтында болған, ал қатал педагог математика пәнінен сабақ беретін болып шықты.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!