ШҚО-да жол апатынан 4 адам зардап шекті
13 қараша күні Өскемен-Зырян тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты.
13:30 14.11.2018
Көлікте жолаушылармен бірге кішкентай нәресте де болған екен. Оқиға кеше күндіз сағат 10.00 шамасында Восточное ауылының тұсында болған. Басып озуға әрекет жасаған көліктің бірі қарама-қарсы бағыттағы автокөлікке соғылған екен.
Көліктердің бірінде тұтас бір отбасы отырған, арасында кішкентай нәресте де бар.Жол апатының салдарынан әр көліктен екі адам зардап шекті. Қуанышқа орай, нәресте аман.
Дереккөз: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!