WBC Головкиннің Чарломен және Альвареспен айқастарына қатысты мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мен Джермаллом Чарло арасындағы «санкцияланған» іріктеу жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Автор: sports.kz
09:48 15.11.2018
Жеңімпаз боксшы Сауль Альвареспен айқасады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«WBC уақытша чемпион болып табылатын Чарлоның Головкинмен жекпе-жегін санкциялады. Себебі GGG өз титулынан айтарлықтай дау тудырарлық айқаста айырылып қалды және ол ойында қалуға лайықты. Бірақ, Головкин Чарломен жұдырықтасудың орнына «Канеломен» тікелей реванш сұрады. «Канело» болса еркін жекпе-жек сұрап отыр. Барлығы сапырылысып кетті. Сондықтан Головкин-Чарло айқасын өткізуді міндеттедік. Оның іске асатынына үміттенеміз. Олардың қай жеңгені «Канело» үшін жақсы нұсқа болады. Барлығы солай болса қуанар едім. Көреміз», - деді Маурисио Сулейман.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!