Көлік жарысында қатысушы жолдан ұшып кетті
"Формула-3" көлік жарысына қатысушы неміс қызы София Флерш ауруханаға жеткізілді, жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылған.
08:17 19.11.2018
Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы "Формула-3" Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады. Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.
Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған. Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған. Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін "Формула-1" чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!