{metadescription}
Альварес техникалық нокаутпен жеңілді

Альварес техникалық нокаутпен жеңілді

Америкалық Брэндон Риос мексикалық Рамон Альваресті техникалық нокаутпен жеңді.

Алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек Канзаста өтті. Риостың үшінші, алтыншы және сегізінші раундта жекпе-жекті аяқтауға мүмкіндігі болғанымен, Альварес табандылық танытты. Алайда тоғызыншы раундта мексикалық соққыға жауап қайтарудан қалды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

32 жастағы Риос 35-ші жеңісіне жетті (26 нокаут), сонымен қоса, ол төрт рет жеңіліген және бір рет тең түскен. Ал 32-жастағы Альварес жетінші рет жеңіліп отыр, сондай-ақ, ол 27 жеңіске жетіп (16 нокаут), үш рет тең түскен. 

Айта кетейік, Рамон Альварес жеті ағайынды, барлығы да кәсіпқой бокста жұдырықтасады. Ал олардың ішінде ең танымалы қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңіп, барлық белбеуінен айырған Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО).

"Канело" ағасының Риоспен жұдырықтасар алдында видеобайланыс арқылы хабарласып, ақылын айтқан және сәттілік тілеген болатын. Шешінетін бөлмеде болған бұл жағдай DAZN онлайн-қызметінің трансляциясында көрсетілді. 

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде