{metadescription}
Фируза Шарипова жарақаттанып қалды

Фируза Шарипова жарақаттанып қалды

WBO чемпионы Фируза Шарипова WBC белбеуінің иегері финляндиялық Ева Вальстрмен жекпе-жекке дайындық барысында жарақат алып қалды.

Бұл туралы боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді. Еске салайық, жекпе-жек 22 желтоқсан Петерборда өту керек еді. Дәрігерлердің болжамынша, Шарипованың сауығуына бір айдай уақыт қажет. Осы себепті жекпе-жек кейінге шегерілді. 

"Фируза жарақатымен жұдырықтасуға дайын еді. Бірақ бұл жоғары деңгейдегі жекпе-жек, бұған жол бере алмадық. Бапкерлер штабы жекпе-жекті шегеру туралы шешімге келді. Дәрігерлердің кеңестерін ұстанамыз, Фирузаның денсаулығын сақтау үшін. Ең беделді бокс ұйымының белбеуін иелену мүмкіндігін жібергіміз келмейді. Ева Вальстрем командасына хабарладық, жекпе-жектің жаңа мерзімін талқылаймыз. Оған жаттығу процесіне кеткен шығынды жартылай өтеп беруге дайынбыз және ол аралық жекпе-жек өткізбейді деген үміттеміз", - дейді Шарипованың менеджері Завилейский.

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде