Бес турист мінген тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті
Бортында бес турист және ұшқыш болған тікұшақтың байланысқа шығуы сап тиылған.
12:24 24.11.2018
Тікұшақ Доминикан республикасының солтүстігіндегі Пуэрто Плата курортынан елдің оңтүстігіне орналасқан Ла Романа қаласына бет алған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ұшақ құлаған. Азаматтық авиация министрлігінің өкілі басылымға іздеу-құтқару операциясы басталғандығын айтты. Іздеу шараларына Доминиканның әскери-әуе күштері қатысуда.
Сондай-ақ екі тікұшақ, Aeroambulancia компаниясының түнде көру приборларымен жабдықталған жедел медициналық жәрдемі тартылған. Әзірге із-түзсіз жоғалған туристердің қай елден келгендігі хабарланбай отыр. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ Ла Роман аумағындағы теңіз жағалауына құлаған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!