20 жастағы қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
Канаданың Римуски қаласындағы Le Centre Financiere Sun Life кешенінде қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) кезектегі жекпе-жегін өткізді.
01:11 26.11.2018
20 жастағы қазақстандықтың алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы 27 жастағы мексикалық Хосе Франсиско Суньига (14-11-2, 5 КО) болды. Бірінші орта салмақта өткен кездесу алты раундқа есептелген болатын. Бірақ Садриддин екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, Садриддин бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті. Ал Суньига карьерасындағы 12-ші жеңілісіне ұшырады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін 25 қарашаға қараған түні Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласын нокаутқа түсіргенін жазған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!