{metadescription}
Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» 6-орын алды

Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» 6-орын алды

Минск Аренада өтіп жатқан «Балалар Евровидениесі - 2018» байқауының қорытындысы шықты.

Он екі жастағы әнші Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» «Өзіңе сен» әнін орындап, алтыншы орын алды. Қазақстан бұл вокалдық конкурсқа алғаш рет қатысып отыр.

Жалпы нәтиже бойынша қазақстандық өнерпаз 171 бал жинады. Ал көрермендер дауыс беруі бойынша үздік үштікке енді. 2018 жылғы «Junior Eurovision 2018» Польша елінен келген жас әнші Роксана Вегель (215 бал) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Франция елінен (203 бал),  үшінші орынды Аустралиядан келген өнерпаздар (201 бал) еншіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.