Елімізде желтоқсан айында қосымша пойыздар жүреді
Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады.
17:38 26.11.2018
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:
Алматы-2 - Шымкент - ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын 2 рейс.
Астана-1 - Павлодар - ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.
Астана-1 - Алматы-1 - ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады. Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:
ҚР Тұңғыш Президенті күніне - 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)
ҚР Тәуелсіздік күні - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)
Жаңа жыл мерекесіне - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында)
Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!