Семейде той кортежімен жүріп оқ атқан
Семейде үйлену тойының кортежін ұйымдастырып, қала көшелерінде атыс жасаған жастар жауапкершілікке тартылды.
21:00 26.11.2018
Қалада қымбат көліктерден құралған той кортежі көлік кептелісіне сепбепкер қана болмай жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жолдағы ережені өрескел бұзған. Тіпті аспанға бірнеше рет оқ атқан болатын.
Шаһардың қақ ортасын ойқастағандарды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Онда қымбат шетелдік көліктердің кейбіреуі, арнайы қызмет барысында қолданылатын дабыл қондырғысымен жабдықталғанын көруге болады. Бейбіт күнде қару асынып, аспанға тапаншадан оқ атқандар да бар. Одан қалса жаяу адамға арналған жолмен жүріп, өзгелерге жол бермеген.
Енді кортежде кінәлі болғандар 36 мыңнын 60 мың теңгеге дейін айыппұл төлеп құтылды. Ал, пистолет атқан жүргізушінің үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!