Автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Бүгін таңертең Өзбекстанда жеңіл автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты.
08:17 27.11.2018
Жол апаты әскери көліктер колоннасы жоспарлы әскери дайындық өткізетін аймаққа бара жатқанда, Шахрисабз - Қаршы автожолында болды. «Инспекторлар қозғалысты тоқтатуға белгі бергеніне қарамастан,
«70 U 110 MA» нөмірлі «Ласетти» автомобилі мұны ескермеген. Соның салдарынан ол «ЗИЛ-131» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Үш адам - жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алған», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, қазір оның өміріне төнген қауіп жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!