Жолаушылар ұшағының ұшқышы әуеде ұйықтап кеткен
Австралияның Vortex Air әуе компаниясына тиесілі Piper PA-31 Navajo жолаушылар ұшағының ұшқышы әуеде ұйықтап кеткен.
08:40 27.11.2018
Соның салдарынан Девенпорттан Кинг аралына бара жатқан ұшақ 46 шақырым артық ұшқан. Абырой болғанда, ұшқыш оянып, ұшақты әуежайға қондыра алған.
Зардап шеккендер жоқ. The Daily Mail басылымының жазуынша, оқыс оқиға 8 қарашада болған. Бірақ бұл туралы енді хабарланып отыр.
Қазір Австралияда ұшқыштың еңбекке қабілеттілігін тексеріп жатыр. Piper PA-31 Navajo ұшағы 1980 жылдан бері шығарылады. Ресми мәліметтер бойынша, ұшақтың экипажы екі адамнан тұрады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!