Шымкентте Disneyland салынады
Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты.
15:00 27.11.2018
Шымкентте Disneyland пен үлкен аквапарк салынады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды Today.kz.
"Менің ойымша, тек Шымкентте ғана осындай үлкен аквапарк салуға болады. Бізде Disneyland-те хоббиттерге арналған үй тәрізді қонақүй болады. Сыртында кішкентай есік, ішінде үлкен ғимарат болады. Меніңше, балаларға қызық", – деді Әбдірахымов.
Бұрын Disneyland, аквапарк, спа-орталықтар мен тау-шаңғы кешені, әйнек құрылым Шуче-Бурабай шипажай орнында ашылатыны хабарланған еді. Қазақ стиліндегі Disneyland Алматыдан 40 километр жерде болады. Жобаның бастамашысы - Happylon желісінің қожайыны.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!