Атыраулық әйел жаңа туған сәбиін 5 мың долларға сатқан
22-26 қараша аралығында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда адам саудасына қатысты жаппай рейдттік шаралар жүргізілді.
13:55 28.11.2018
Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тескеріс барысында әйел адамның өз баласын сатқаны белгілі болды.
«Атырау облысында полиция қызметкерлері өз баласын 5 мың долларға сатқан 32 жастағы әйелді ұстады. Оқиғаға қатысты кәмелет жасқа толмаған адамды сату бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
ІІМ-нің мәліметінше, 1 апта ішінде адам саудасына қатысты 67 іс тіркеліп, 21 әкімшілік хаттама толтырылған.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!