{metadescription}
Алматыда студенттер есірткі жарнамалаған

Алматыда студенттер есірткі жарнамалаған

Алматы полициясы есірткі заттарын заңсыз жарнамалаған үш колледж студенттерін ұстады.

Студенттер «Допинг» есірткі заттарын таратудың алдын алу шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің қызметкерлер «Скорость - Papa Hais Operator» деген жазумен есірткі және психотропты заттарды жарнамалады деген күдікпен үш колледж студенттерін ұстады. Олар Әуезов ауданындағы үйлердің қабырғаларына трафарет және қара түсті спрей-бояулармен есірткі туралы ақпараттар жазып отырған. Студенттерге әр жазу үшін 500 теңге төлеу уәде етілген», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әлмағамбетов.

Тәртіп сақшылары есірткі туралы ақпараттарды көрген жағдайда полицияға «+7 708 300 0611, +7 776 088 8820 нөмірлеріне) бірден хабар беруді сұрайды. Сонымен қатар, полиция ата-аналарға бұл ақпаратты  балалардың оқуына жол бермеуге кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.