Instagram-да жаңа функция пайда болды
Instagram-да көру қабілеті нашар қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін жаңа функция қосылды.
11:27 30.11.2018
Арнайы технологияның арқасында суретте не бейнеленгенін анықтап, оларды дауыстап оқу мүмкін болып отыр. Бұдан басқа, суретті жүктегенде оған сипаттама жазатын мүмкіндік бар, бұл сипаттама мәтінді нашар көретіндер үшін дауыстап оқылады.
Айта кетейік, өткен аптада Instagram әлеуметтік желісінің әкімшілігі адам саны қолдан көбейтілген аккаунттармен күресетіндерін хабарлаған болатын. Өтірік лайктар, жазылымдар, танымалдық үшін қолданылған аккаунттар пікірлері өшіріледі. Instagram - 2010 жылы АҚШ-та Кевин Систром және Майк Кригер әзірлеген әлеуметтік желі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!