Зейнеткердің жоғалған бес мысығын жылан жұтып қойған
Чаченгсау атты тай провинциясының 65 жастағы тұрғыны үй жануарларының қайда жоғалып кететінін білмей дал болған.
14:46 30.11.2018
Бір жыл ішінде бес мысығынан айырылған. Мұның себебі аяқ асты анықталып, үй иесінің зәресін алды. Бір күні таңертең есіктен алып жыланның шығып бара жатқанын байқаған зейнеткер бірден шұғыл қызметтерге хабар береді.
Жылан ұстаушылар келгенде, питон тығылып үлгеріпті. Оны іздеп табу оңай болған жоқ. Сөйтсе, алып жылан үйдің астына тұрақтапты, жылан ұстаушылар оны әрең дегенде шығарып алды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!