Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды
Ер адам лотерея ойнауды сонау кеңес заманында бастап, көптеген ұтысқа ие болған.
17:08 01.12.2018
Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды. Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі "5 нөмір + бонустық шар" ұтыс комбинациясына сәйкес келген.
Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.
«Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ» – деді бақытты жан.
30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады. Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!