Геннадий Головкин WBA рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBA) ай сайынғы рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды.
17:49 01.12.2018
Тізімнің үздік 15 боксшысы қатарында Қазақстаннан тек Геннадий Головкин бар. Ол өз дивизионында бұрынғыша Давид Лемьеден кейінгі екінші орында тұр. Үшінші позицияға америкалық Брэндон Адамс орналасқан. Орта салмақтың «суперчемпионы» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, Regular титулына америкалық боксшы Роб Брант иелік етіп отыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық тағы бір спортшы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы «қарапайым» әлем чемпионы атанған.
Дереккөз: inform.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!