{metadescription}
Жалдамалы пәтерден жігіттің өлі денесі табылды

Жалдамалы пәтерден жігіттің өлі денесі табылды

Жігіттің денесін Қызылорда облысының тұрғындары атайтын «қызыл жарық ауданындағы» жалға алынған пәтерден тапқан.

Жігіт 1997-жылы туылған. Куәгерлердің айтуы бойынша, денесін пәтер иесі тапқан. Әйел үйдің кілтін қайтармағасын келген. Жергілікті тұрғындар айтуынша, жігіт жуынатын бөлмеден табылған, мойнында арқан болған. Жігіт бір сағатқа пәтер жалдаған.  Кейбір куәгерлер пәтерден дауыстар естігенін айтса, енді бірі тыныш болғанын айтқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға болған жерден құқық қорғау органдары қызметкерлері хат тапқан. Хатта жас жігіт ата-анасымен болған жанжалдан кейін өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдағанын жазған.

«Өзін өзі өлтіру фактісі тіркелді. Оқиға жағдайлары анықталып жатыр», - деді полиция.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде