{metadescription}
ШҚО-да қайғылы жағдайдан екі шахтер көз жұмды

ШҚО-да қайғылы жағдайдан екі шахтер көз жұмды

ШҚО-да KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Орлов шахтасыныда қайғылы жағдай тіркелді.

Белгілі болып отырғандай, 2 қараша күні сағат 09:00 шамасында Орлов шахтасының 12-ші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйінде табылған.

«Оқиға орнына келген мамандар екі қызметкердің көз жұмғанын анықтаған. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады», - делінген KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде