Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты
Атырау облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, тағы алтауы зардап шекті.
08:17 04.12.2018
«Атырау-Ақтау» автожолында «Лада Гранта» және «Ниссан» автомашиналары соқтығысқан. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенше екі адам - ерлі-зайыпты қаза тапқан. Түрлі дәрежедегі жарақаттар алған тағы алты адам Мақат ауданындағы Доссор кентінің ауруханасына жеткізілді.
«Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама белгіленді», - деп мәлім етті Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!