{metadescription}
Алматыда есірткі дилері ұсталды

Алматыда есірткі дилері ұсталды

Алматыда нашақор 300 грамм героин, 200 грамм марихуанамен қолға түсті.

Алматыда ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан адам құрықталды. Полицейлер күдіктінің үйін тінту барысында жарты келі героин мен марихуана тәркілеген. Әкесімен бірге тұратын күдіктінің үйінен иісшіл иттің көмегімен 300 грамм героин, 200 грамм марихуана табылған. Қара базарда ұнтақтың 1 грамы 20 мың теңге төңірегінде. 

38 жастағы азамат бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есірткіге тәуелділердің тізіміне алынған екен. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде