Семейде 10-қабаттан балаға шыны құты құлап кетті
Семей қаласының тұрғыны 10-ыншы қабаттан екі литрлік шыны құтыны тастап жіберген.
12:50 05.12.2018
Оқиға былтыр жазда болған. Айыпталушы шыны құты ішіндегі жұмыртқаның қабығын сілкіп түсірмек болғанда шыны құты өзі де қолынан сусып түсіп кеткендігін айтады. Қас қылғандай, ыдыс төмендегі баланың басына түсіп шағылады. Кәмелетке толмаған бала қатты жарақат алыпты.
Мәліметке сенсек, сол сәтте айыпталушы мас күйде болған екен. Сот шешімімен, айыпталушы 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Және зардап шегуші тарапқа 500 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
Дереккөз: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!