Ақтауда 50 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті
Шетпе елді мекенінің 50 жастағы тұрғыны Гүлбибі Бимырзаева Ақтау қаласында 30 қараша күні жоғалып кеткен.
01:02 06.12.2018
Туысқандары әлі әйелді таба алмай келеді. Оған қатысты ақпарат бергендерге туысқандары 300 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Гүлбибі Бимырзаеваны соңғы рет Ақтаудың 11 және 12-ші ықшам аудандарында көрген. Ол үстіне жасыл болон пальто киген, басында көк орамал болған.
Із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің туыстары қандай да бір ақпарат білетіндерге 8 701 403 26 19 (Дәулет), 8 708 296 63 72 (Арайбек), 8775 886 44 13 (Өсербек) немесе 102 нөміріне хабарласуларын өтінеді.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!