{metadescription}
Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

Жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді деп хабарлайды Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні Ленин ауылы Бішкек - Қордай тасжолында болған.

«Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды», – деді Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасындағылар.

Жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан азаматы болған. Ер адам жол апаты болған жерден қашпады.  Бірден ұсталған. Сондай-ақ, ол тізгіндеген жүк көлігінің нөмірі де Қазақстанға тиесілі. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде