Өскеменде 10 адамды үсік шалды
Аяздан он адамды үсік шалған.
16:43 07.12.2018
Өскемендегі №1 аурухананың жарақат бөліміне 200-дей адам келіп түсті. Дәрігерлер берген ақпаратқа сүйенсек, 23 қарашадан бері 178 адам келген. Көк мұзда тайып жығылғандардың көбі егде тартқан кісілер.
Ал аязды күндері үсіп қалған адамдардың саны – 10. Төртеуі амбулаториялық ем қабылдаса, алтауы емханаға жатқызылды. Сол алтаудың жартысы мекенжайы жоқ азаматтар екендігін айта кетейік. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты оқушылар үшін сабақ тоқтатылған болатын.
Дереккөз: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары