Атырауда сауда орталығының артынан адамның мәйіті табылды
Атыраудағы сауда орталығының артындағы жылу жүйесінің тұсынан адамның мүрдесі табылды.
09:37 08.12.2018
«Атырау қаласы С.Датов көшесінің бойында орналасқан «Арын» сауда орталығының артындағы жылу жүйесінің тұсынан адамның өлі мүрдесі табылған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаментінен.
Сауда орталығының артынан адамның өлі денесі табылған. Айта кетелік, ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жарияланбайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!