Таразда жүрегі оң жағында орналасқан оқушы қыз тұрады
Тараз қаласының тұрғыны, 6-сынып оқушысы Айдананың жүрегі оң жақта.
01:09 09.12.2018
Миллионның бірінде ғана болатын ерекшелікке ие жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ. Айдана Махамбет бүгінде Тараздағы № 3 мектеп-лицейдің 6 «ә» лицей сыныбында оқиды. Оқу озаты. Оның би билеп, ән салатын өнері де бар. Математика пәніне деген бейімі терең. Әкесі - Асылбек Естаев көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Бұл туралы анасы - Индира Кенжебаева айтып берді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!