{metadescription}
0:000:00

Өскеменде үш бірдей көлікті өрт шарпыды

Өскеменде Красин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінің ауласында үш көлік өртеніп кетті.

Өрт сөндірушілер бұл қасақана ұйымдастырылған деген болжамды жоққа шығармайды.

«8 желтоқсан күні 10 қабатты үйдің ауласында сағат 11:45 шамасында жеңіл көлік өртеніп кетті. Автокөліктің аспаптар панелі және орындық, ішкі салон жанып кеткен», – дейді Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Өрт тағы екі 2013 жылғы Nissan X-TRAIL және Subaru Outback-2015 көліктерін де шарпыған. Олардың есіктеріне зақым келген.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде