Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Америка президенті Дональд Трамп келе жатқан Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хабарламасын жіберді.
15:24 11.12.2018
АҚШ президентінің құттықтауын кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі қазақ-америка комиссиясының кезекті отырысының нәтижелері бойынша баспасөз конференциясында оқылды. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс жолдады.
«Сіздер алдағы күндері атап өтетін Тәуелсіздік күніне орай Трамп мырзаның құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздерге мүмкін болған барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», - деді ол
Өз сөзінде Элис Уэллс Қазақстанға Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында өткен келіссөздер кезінде Назарбаев пен Трамп арасында қабылданған уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқаны үшін алғысын білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!