Қазақстандық мергендер халықаралық турнирден екі медаль жеңіп алды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Эль-Айн қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан әйелдер арасындағы ірі халықаралық турнир өтіп, қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды.
16:56 13.12.2018
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, желтоқсанның 04-12 аралығында өткен халықаралық турнирге әлемнің 22 мемлекетінен 115 спортшы қатысты.
Нысана көздеуден Қазақстан атынан алты мерген қатысып, ең жоғарғы нәтижені Елизавета Король тіркеді. Шымкенттік спортшы винтовкамен нысана көздеуде финалға өтіп, 4-ші сатыға тұрақтады. Нысана көздеуден өзге спортшыларымыздың көрсеткіштері төмендегідей:
1. Малиновская Александра – 5 орын (винтовка)
2. Старостина Виолетта – 8 орын (винтовка)
3. Комендра Юлия – 10 орын (тапанша)
4. Аксенова Ольга – 11 орын (тапанша)
5. Локтионова Ирина – 12 орын (тапанша)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!