Павлолдарда ер адамды КамАЗ басып кетті
Павлодарда ер адамды өзінің КамАЗ көлігі басып кетіп, қаза тапты.
11:16 14.12.2018
Төтенше жағдай Үлкен айналма жолында Успенский көпірінің жанындағы көлік жуу орнында болды. Жедел жәрдем көлігін көлік жуу орнының жұмысшылары шақырған.
«Бүгін сағат 16:30 шамасында жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарлама түсті. 1975 жылғы ер адамнан ауыр жарақат анықталған», – дейді жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Анықталғандай, ер адам көлік жуу орнында КамАЗ-ын жөндеп жатыпты. Алайда, көлікті тежегішке қоймаған. Соның салдарынан КамАЗ қозғалып кетіп, жүргізушіні басып кеткен.
«Қазіргі уақытта полиция марқұмның аты-жөнін анықтай алды. Оның Астанада тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Қайда жұмыс істейтінін анықтағаннан кейін төтенше жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі», – деді жергілікті Еңбек мәселелерін реттеу басқармасының басшысы Асқар Қапанов.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!